Таңдалған қалталардан орындалатын файлдарды қамтитын бағдарламалар санатын құру

Барлығын жаю | Барлығын жию

Таңдалған қалталардың орындалатын файлдарын, ұйымыңызда іске қосуға рұқсат бергіңіз немесе тыйым салғыңыз келетін орындалатын файлдардың эталондық жиынтығы ретінде пайдалануға болады. Таңдалған қалталардағы орындалатын файлдардың негізінде, сіз бағдарламалар санатын құра аласыз және оны Бағдарламаны басқару құрамдасын конфигурациялау үшін пайдалана аласыз.

Таңдалған қалталардан орындалатын файлдарды қамтитын бағдарламалар санатын құру үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Операциялар → Үшінші тарап бағдарламаларыБағдарлама санаттары бөліміне өтіңіз.

    Бағдарлама санаттары тізімі бар бет ашылады.

  2. Қосу түймесін басыңыз.

    Жаңа санат шебері іске қосылады. Шебердің жұмысын жалғастыру үшін Келесі түймесін басыңыз.

  3. Шебердің Санатты жасау әдісін таңдау бетінде санат атауын көрсетіп, Белгілі бір қалтадағы орындалатын файлдарды қамтитын санат. Көрсетілген қалтаға көшірілген бағдарламалардың орындалатын файлдары автоматты түрде өңделеді және олардың метрикалық көрсеткіштері санатқа қосылады параметрін таңдаңыз.
  4. Орындалатын файлдары бағдарламалар санатын құру үшін пайдаланылатын қалтаны көрсетіңіз.
  5. Келесі параметрлерді конфигурациялаңыз:
    • Санатқа динамикалық түрде қосылатын кітапханаларды (DLL) қосу
    • Санатқа скрипт туралы деректерді қосу
    • Хэш функциясын есептеу алгоритмі: Осы санаттағы файлдар үшін SHA-256 мәнін есептеу (Kaspersky Endpoint Security 10 Service Pack 2 for Windows және одан кейінгі нұсқаларымен қолдау көрсетіледі) /Осы санаттағы файлдар үшін MD5 есептеу (Kaspersky Endpoint Security 10 Service Pack 2 for Windows нұсқасынан бұрынғы нұсқалармен қолдау көрсетіледі)
    • Қалтада өзгертулер бар-жоғын мәжбүрлеп сканерлеу

Шебер аяқталғаннан кейін, бағдарламалар санаты құрылады. Ол бағдарлама санаттарының тізімінде пайда болады. Бағдарламаны басқару құрамдасын конфигурациялау үшін бағдарламалар санатын пайдалануға болады.

Бағдарламаларды бақылау туралы толық ақпарат алу үшін анықтаманың келесі бөлімдерін қараңыз:

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Бағдарламаларды басқару

Басына оралу